"Asia Sky Express Қазақстан" курьерлік компаниясы Қазақстан нарығында 1995 жылдан бастап жұмыс істейді. Біз әлемнің барлық елдерінде кең дамыған желіге иеміз және әлемнің кез келген нүктесіне "Есіктен есікке дейін" қағидаты бойынша экспресс-пакеттер мен ірі габаритті жүктерді тасымалдау бойынша жеке шешімдерді қамтитын қызметтердің кең спектрін ұсынамыз.
Бүгінгі таңда "Asia Sky Express Қазақстан" курьерлік компаниясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында жұмыс істейді. Қазақстан бойынша филиалдардың дамыған желісінің болуы еліміздің көптеген елді мекендерінде пошта мен жүктерді өте қысқа мерзімде жеткізуге мүмкіндік береді.
Біздің басым бағыттарымыз - Орта Азия мен Кавказ өңірлері, соның ішінде Түрікменстан мен Грузияға жеткізу. Жөнелтімдерді жылдам жеткізу үшін біз Мәскеу, Стамбул, Лондон, Душанбе, Ташкент, Дубайға тікелей рейстерді қолданамыз.
Жыл сайын біз Қазақстан Республикасы бойынша қалалар мен елді мекендердің қызмет көрсету географиясын ұлғайту бойынша жұмыс істейміз. Жұмыс істеген жылдар ішінде біз бірқатар қазақстандық және шетелдік компаниялардың сеніміне ие болдық. Біз өз қызметтерімізді өз клиенттеріміз үшін неғұрлым ыңғайлы және тиімді етуге тырысамыз.