Пошта арқылы тауарларға тапсырыс беру және оларды алу кезінде ережелерді білу маңызды!
Құқық қорғау органдары азаматтардың пошта қызметтері арқылы тыйым салынған заттарға тапсырыс беру жағдайларының жиілегенін тіркеуде.
Еске саламыз: әрбір азамат жөнелтуге тыйым салынған заттарды тапсырыс бергені, алғаны және сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
БАСҚА ЕЛДЕРДЕН ТӨМЕНДЕГІ ЗАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Тыйым салынған заттарды мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу контрабанда ретінде сараланып, ҚР ҚК-нің 286-бабында көзделген қылмыстық жауатылық туындатады (айыппұлдан бастап 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру).
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ
Аталған заттарды алу, сақтау немесе жөнелту қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болады.
Азамат өз еркімен бас тартқан немесе тапсырған жағдайда — жауынгерлік, атыс, суық қаруды (кастеттер, пышақтар, дубинкалар), сондай-ақ оқ-дәрілерді, арнайы техникалық құралдарды және олардың құрамдас бөліктерін, сондай-ақ жеке тұтыну үшін алған есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды — басқа қылмыс белгілері болмаған кезде қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Маңызды: ұстау кезінде немесе тергеу әрекеттері барысында заттарды алып қою ерікті тапсыру болып саналмайды.
БАСТЫ ҚАҒИДА
Шығу тегі немесе заңдылығы сізге белгісіз кез келген мазмұндағы сәлемдемелерге ешқашан тапсырыс бермеңіз.
Тапсырысты рәсімдеу арқылы сіз автоматты түрде жөнелту тізбегінің қатысушысына айналып, қылмыстық процеске тартылуыңыз мүмкін.